«Кітап - рухани қазына» атты шара

Дата: 2023-11-12 21:08:17
«Кітап - рухани қазына» атты шара
Күзгі демалысты қызықты, тиімді өткізу мақсатында 1-11 сынып білім алушыларына демалыста кітап оқып, рухани азықпен сусындап, түрлі тапсырмалар орындау ұсынылған. Соған орай 1 сыныптар жаңылтпаш, санамақтар, мақал-мәтелдер жаттап, 2-11 сыныптар түрлі кітапшалар жасап, сурет салып, «Оқырман күнделігін» толтырды. Жасаған жұмыстарын кітапхана тапсырып, 1 сыныптар үзіліс уақытында жаттауларымен бөлісті. 
  Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы - кітап. Өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы! Кітап оқитын оқырмандарымыз көп болсын.