ағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Республикалық Мағжан оқулары байқауы

Дата: 2023-11-09 14:31:10
ағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Республикалық Мағжан оқулары байқауы
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Республикалық Мағжан оқулары байқауы өткізілген еді. 3-қараша күні Алматы қаласында марапаттау кеші өткізілді. Соған мектеп - лицейіміздің 1 Ә сынып оқушысы Улуғбек Нұрдәулет қатысып, жүлделі 1-орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі А.А.Дауренбекова «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Құттықтаймыз!  Салтанатты марапаттау сәтінен кейін балаларды М.Әуезов атындағы театрға, Орталық Мемлекеттік мұражайға саяхатқа апарды.  
Ақынның өзі жырлағанындай, түнек артынан күн туып, егемендік таңы атар алдында есімі халқымен қайта қауышқан ақынның отты жырлары тәуелсіз елінің жанын жылытып, өзі сенім білдірген жас өркен Мағжан есімін әрқашан азаттық ұранындай жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жаңғырта берсін!