«Кітап - адамның рухани азығы» атты шара
Date: 2023-11-07 09:06:55
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-11 сынып білім алушыларына үш айғы жазғы демалысқа тапсырма берілген еді. Кітап оқу әрі оқыған шығармасы аясында оқырман күнделігін бастау.
Оқырман күнделігі - бұл мәтінмен жұмыс жасаудың бір түрі, соның арқасында оқырман шығарманы талдап, оқылған шығармадан қысқаша қорытынды жасауды үйренеді. Бала оқырман күнделігіне қысқаша мәтінді жазу кезінде, жазу дағдысын жаттықтырады. Сондай-ақ жады жаттығады, баланың сөздік қоры мен ой-өрісі толығады.
Оқырман күнделігін не үшін жүргізу керек?
Күнделік жүргізу оқырманды тәртіпке келтіреді: мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың оқуға қаншалықты уақыт бөлетінін бақылай алады; ал балалардың өздерін барлық бағандарды толтыру және дәптерде бар болса, барлық тапсырмаларды орындау үшін кітапты тезірек оқуға ынталандырады.
Күнделіктегі жазбалар есте сақтауды үйретеді, өйткені қолмен жазылған жазбалар оңай есте қалады. Күнделік жүргізетін оқырмандар шығарманың мәселелерін және автордың негізгі идеясын бөліп көрсету үшін оқығандарын мұқият талдайды. Оқырман күнделігін үнемі жазып отыру жазбаша сөйлеуді және көркем шығармалардың мазмұнын қысқаша айта білуді үйретеді. Аталмыш шара бойынша 2 А, 3 Б, 4 Ә, 5 А сынып білім алушыларына белсенділік танытып, тапсырманы тиянақты орындағандары үшін алғыс білдіреміз. Кітапты көп оқиық, достар!