9 сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті.

Дата: 2023-11-04 00:52:00
9 сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті.
2 қараша күні кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-лицейдің 9 сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Іс-шара мақсаты - түлектерді колледж өмірімен, колледжде оқытылатын мамандық түрлерімен таныстыру, сол арқылы осы колледжде білім алуларына ұсыныс білдіру. 
     Колледж мамандары оқушыларды колледж мекемесінің ғимаратымен, ұстаздарымен, мамандықтарымен таныстырды.