Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру.

Дата: 2023-11-04 00:46:16
 Күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру.

31 қазан күні кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, күзгі демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында  мектеп- лицейдің 9А, 9Ә, 9Б, 9В сыныптарынан жинақталған оқушылар Балқаш қаласы Медициналық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтармен, орта оқу орындарына түсу шарттарымен, оқу орны ұсынатын жеңілдіктермен таныса отырып, медицина мамандығына қызығушылықтары артты. Сонымен қатар оқушыларға алғашқы көмек көрсету сабақтарына қатысты.