"Сабақтағы электронды қосымшалар қолданысы,сандық білім ресурстары"атты тақырыбында шебер сынып өткізілді.

Дата: 2023-11-04 00:08:44
Күзгі демалыс кезіндегі әдістемелік қолдау жоспарына сәйкес Абай атындағы № 2 мектеп-лицейінде жас мамандар мен жаңадан қосылған педагогтар үшін  "Сабақтағы электронды қосымшалар қолданысы,сандық білім ресурстары" тақырыбында информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор Ж.Б.Джабаспаева өз тәжірибесінен шебер сынып өткізді.Сабақ үрдісінде сандық білім ресурстарын ,электронды қосымшалар қолдану оқушылар белсенділігін арттыру да рөлі ерекше.Қатысушыларға Оффлайн топқа бөлу бағдарламасы, ТheCat программасы көрсетілді.Көп функционалды"Lumio" онлайн платформасы бойынша ақпараттар беріліп,жұмыстар жасалды.Ол платформада ойын, әр түрлі тапсырма түрлерін, топтық ойындар, кері байланыс т.б функциялары қарастырылды.
Сабақтың соңындағы рефлексия жасауға қолайлы болатын "Рефлексия" программасы таныстырылды.Шебер сыныптың жас мамандар үшін маңызы ерекше болды.