Адал ұрпақ
Date: 2023-11-01 09:01:14
Адалдық ол - ашық, шыншыл қарым-қатынас, адам бойындағы бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер. Бұл қасиеттерді балаларға мектеп жасынан қалыптастырамыз. «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын Мектеп Парламентінің белсенді, дарынды және саяси сауатты оқушыларымыз жүзеге асырады.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымға жәрдемдесу;
- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу;
- оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу (үздік бейнероликтер, сурет салу, көрініс қою, шығармашылық іс-шаралар мен конкурстар);
- адал, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдарды, нормативтік актілерді тереңдете зерделеп, оқушылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру.