25 қазан - Республика күніне орай 59 үздік оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылданды.
Дата: 2023-10-26 09:19:09
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 25 қазан - Республика күніне орай 59 үздік оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде қабылданып, галустук пен төсбелгіні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұлағатты ұстаздары және өзін-өзі басқару ұйымының белсенді мүшелері тақты.
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелерінің АНТЫ:
Мен, -
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауаты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға жене оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз кызмет етуге салтанатты турде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!