Прокурор сағаты өтті.
Дата: 2023-10-26 09:08:22
Пайдаланушылар TikTok желісінде 25 қазан - Республика күніне жоспарланған митингілер туралы көптеген алдамшы бейнероликтер пайда болғанын атап өтті.
Алайда екі мегаполис басшылығы митинг туралы хабарландыруларды жоққа шығарып, ешқандай өтініш түспегенін хабарлады.
Жасөспірімдер тез еліктегіш болғандықтан, мұндай жалған ақпараттар жасөспірімдер арасында тез таралатындықтарын барлығы да жақсы біледі.
Осы жалған ақпараттардың бұрыс екенін түсіндіру мақсатында «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі»КММ-де 8-11 сынып оқушыларымен Балқаш қаласының ІІБ Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция майоры Қ.А. Смагулов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, 2022 жылдың 25 қазанында қазақстандықтар Республика күнін еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет атап өтті. Бір күн бұрын, 23 қазанда Қазақстанның Бас прокуратурасы "заңсыз митингілерге" бармау туралы ескерту жасап, әлеуметтік желілерде кейбір "арандатушылықтар" туралы хабарлаған еді.