24 қазан - кітапханашылар күні

Дата: 2023-10-25 23:11:42
24 қазан - кітапханашылар күні
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің оқушылары мен мұғалімдері өз кітапханашыларын кәсіптік мерекесімен құттықтады.
Кітапхана - оқушылардың сапалы білімінің кепілі болғандықтан, күнделікті оқу процесі, іс-шаралар тікелей кітапхана арқылы жүзеге асып жатады. Мектеп кітапханасының қазіргі таңда тұрақты оқырмандарының саны  900-ден асып, күніне 20 оқушы келеді. Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры - 62 000 астам. 
Көркем әдебиет-  26 000;
Оқулық – 30 000;
Әдістемелік әдебиет саны- 6 000;
Электронды оқулық- 6 000; 
Жалпы кітап қоры – 62 000.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай кітапханамызда «Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы үздіксіз оқырмандармен тығыз байланыста.  
Болашақта оқырмандарға қолжетімді болсын деген мақсатта, заман талабына сай 
мобильді QR кітапхананы, электронды кітапхананы мақсат етіп отырмыз.