25 қазан – Республика күні.

Дата: 2023-10-24 00:36:36
 25 қазан – Республика күні.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де «25 - қазан Республика күні» мерекесіне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстаным» тақырыбымен сынып сағаттары 5-11 сыныптарда, «Қазақ елі - менің Отаным» тақырыбымен  сынып сағаттары 1-4 сыныптарда өтті. Жалпы Республика күнінің тарихы, бұл мерекенің қайта жаңғыруы мен халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи күн екеніне сынып жетекшілері көз жеткізді. 
Жалпы бүгінгі мектеп-лицей мұғалімдері мен оқушылары мерекені салтанатпен қарсы алып, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін киіп, қыз балалар көз тартарлық әшекей бұйымдарын тағып мерекенің көркін кіргізді.