«ҚАЗАН – АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ АЙЫ»

Дата: 2023-10-19 15:03:10
«ҚАЗАН – АЛАШ АЗАМАТТАРЫН ҰЛЫҚТАУ АЙЫ»
 Қазақ халқының аса көрнекті ақын-жазушысы, ақыл-ойшысы, демократ ақыны С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің 9 Б сыныбында Б.Б. Иманбекованың жетекшілігімен танымдық сағаты өтті. 
Сынып оқушылары: 1-ші топ «Сұлтанмахмұт - Алаш арысы»;
2-ші топ «Сұлтанмахмұт – Тәуелсіздік жаршысы»;
3-ші топ «Сұлтанмахмұт – ұлы ақын» - деп бөлініп, сұрақ - жауап, ой қозғау, топтастыру стратегиясы арқылы танымдық сабақтың мақсаты оқушылардың Алаш азаматтары жайлы білімдік қорларымен жүзеге асты.
Танымдық сабақтан Сізге де танымдық ой қозғау саламыз:
1. Қазан айында қандай  ұлттық мереке тойланады? 
2. Қазақстан Республикасының Рәміздері қабылданған күні, жылы
- Тудың авторы кім? 
- Жаңа гимн қашан қабылданды?
- Елтаңбаның авторлары кім? 
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? 
4. Тағы қандай Алаш Орда үкіметінің мүшелерін білесіз?