"Өмірің-өз қолыңда " атты подкаст жанрындағы рухани тәрбие сағатын өткізді.

Дата: 2023-10-19 14:39:32
2023 жылдың 18 қазанында Ә.Бөкейханов атындағы 15 мектеп-лицейінде "Жыл мұғалімі" конкурсының ІІ кезеңі өтті. Сайыста мектеп-лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы 
"Өмірің-өз қолыңда " атты подкаст жанрындағы рухани тәрбие сағатын өткізді. 
Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге ала отырып, оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіру, жауапкершілігі зор, ұлтжанды ұрпақ,табысты ұлт болашағын тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар "Ар-ұят", " Ұлттық мүдде", " Талап" атты үш топқа бөліне отырып, құндылықтарды өмірде маңыздылығына қарай үш бағанға жіктеді, тапсырманың түйіні - "Өмірің-өз қолыңда " атты теннис шарлары, түрлі-түсті тастар арқылы жасалған тәжірибемен түйінделді. 
Ақерке Сәтімбекқызы сабақ барысында өмірді өнімді өткізудің жапондық "Кайдзен"  әдіснамасын ұсына отырып, оқушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар беру арқылы тақырыпты аша білді, сонымен қатар өмірдің басты негізі болып саналатын мамандық таңдау мәселесін алға тартып, оқушылар "Жаңа мамандықтар атласы" сандық білім беру платформасымен жұмыс жасады. 
Тәрбие сағатында оқушылар "Додекаэдр" әдісі арқылы кері байланыс жасап, пікір білдірді. Оқушыларға "Жылы жүректі" бейнелейтін символдық мәні бар тәттілер ұсынылып,  сабақ оларға ерекше қуаныш сыйлады.