Балқаш қаласының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған «Ашық есік» күні.

Дата: 2023-10-19 14:35:50
Балқаш қаласының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған «Ашық есік» күні.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің  8 сынып оқушылары 19 қазан - Құтқарушылар күніне орай  18 қазан күні Балқаш қаласының №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне барды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздерінің еңбек күндері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, құрал-жабдықтарымен және өрт сөндіру техникаларының төтенше жағдайдағы іс-әрекеттерімен таныстырды. Іс-шара барысында оқушылар өмірге пайдалы ақпарат алды. 
Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген Құтқарушылардың осы мереке күні жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне үлесін қоссын дейміз!