М.Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық фестивалі өтті.

Дата: 2023-10-18 18:58:04
М.Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық  фестивалі өтті.
Ағымдағы жылдың 18 қазаны күні  Балқаш қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп- гимназиясында көрнекті ақын,балалар жазушысы М.Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық  фестивалінде Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог- сарапшы Сейткалиева М.Ж."Денсаулыққа пайдалы тағамдар " тақырыбында 7 сыныпта ашық,тәжірибе алмасу сабағын өткізді.
Тілді оқытудың замануй әдісі сатылай кешенді талдау технологиясының математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру,сөздің.қүрамына лексика-грамматикалық мағынасына талдау жасау түрлері арқылы оқушылар берілген сөзге сатылай кешенді талдау жасады.Мейрамгүл Жаксылыковна сабақта оқушылардың бойында жауапкершілік,білімге құштарлық,бір - бірін қолдау,еңбексүйгіштік құндылықтарын  дәріптеуді  ерекше назарда ұстады."Ортадағы қаламсап""Көршіңмен кеңес""Сұрақ-жауап" әдістері арқылы Мейрамгүл Жаксылыковна оқушылардың  оқу материалдарын терең игеру үрдісінде белсенді ойлауын,шығармашылық ізденістерін дамытуды,ақпаратты зерттеп,нұсқаулық жазу дағдыларын дамыта білді. Жаңашылдыққа ұмтылатын,іздемпаз ұстаз оқушылардың  білімін,білім қоржындарына жинаған  бонустары арқылы бағалап өтті.Білімалушылар дәрігер маманының сан қырлы қасиеттерін талдай отырып,болашақтағы мамандық таңдауда ғы асқақ армандары бойынша ой толғау жазды.
Мейрамгүл Жаксылыковна сабақ соңында  әр оқушыға, жарқын болашаққа жол ұсынатын  зор тілегін білдіріп  "Болашаққа жолдама" атты нұсқаулығын ұсынды.Оқушылар өте үлкен әсермен,ұшқыр ойларымен "Бес бармақ" әдісі  арқылы сабаққа рефлексия жасады.
Тәжірибе алмасу сабағына облыстық оқу әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша әдіскері Г.Б.Жаркеева қатысты.