"Ұлттық киім-бай тарихи мәдени мұра" тақырыбында зияткерлік ойынын ұйымдастырды.
Дата: 2023-10-18 10:05:42
17 қазан күні облыстық оқу -әдістемелік орталығының функционалды сауаттылықты дамыту жоспарына сәйкес "Әсемдік әлемі" эстетикалық сауаттылық апталығының кезекті іс шарасы өтті. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Усенова Т.О. 5 сыныптар арасында "Ұлттық киім-бай тарихи мәдени мұра" тақырыбында зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Ойын 3 кезең бойынша жүргізілді.
1.Шығармашылық жұмыс. Ұлттық киім суретін салу, таныстыру.
2. Ойлан, тап! Қиылған суреттерден ұлттық киім құрастыру.
3. Мақалды жалғастыр.
Ойын барысында топтар ұлттық киім ерекшеліктерін тартымды аша білді. Сайыс нәтижесінде:
1 орын-5Г
2 орын-5А, 5Б
3 орын-5В, 5Ә сынып оқушылары марапатталды.
Сайыс қызықты әрі тартымды өтті.