"Менің туған өлкемнің табиғаты" атты іс-шара өтті.

Дата: 2023-10-17 16:06:51

16.10.23 ж күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің мектепалды даярлық топтарында "Мәдени мұра" тарихи функционалдық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес "Менің туған өлкемнің табиғаты" атты іс-шара өтті. Бұл іс-шарада даярлық тобының бүлдіршіндерінің "Туған өлкеме арнаймын" тақырыбында  салған суреттерінен, көрме ұйымдастырылды. Балалар туған өлкесіне арнап өлең шумақтарын оқып, ән шырқады. Іс шараны  мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері ұйымдастырды. Іс шараға директордың оқу -ісі жөніндегі орынбасары Шаймерденова С.С. қатысты.