Облыстық "Жыл мұғалімі-2023" байқауының қалалық кезеңі өтті.

Дата: 2023-10-13 14:52:58
 Облыстық
2023 жылдың 12 қазан күні "Абай атындағы №2 мектеп- лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы облыстық "Жыл мұғалімі-23" байқауының қалалық кезеңінде 6 а сыныбында ашық сабақ берді. Замануи формада өткен сабақта оқытудың тиімді инновациялық әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылды. Ақерке Сәтімбекқызы  сабақ барысында  жалпыадамзаттық құндылықтармен бірге баланың жауапкершілігін, тыңдау мәдениетін қалыптастыру; өміршеңдікке баулу; сауаттылық, ойын жүйелі жеткізе  білу дағдыларын дамытуға назар аударды.  «Ойды суретке айналдыр» «Түртіп алу» т.б әдістермен оқушылар топтық,жұптық және жеке жұмыстар жасады. Сабақта  сөйлеу әрекетінің 4 түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым,  сондай-ақ жоғары сатыдағы дағдылары дамыту  тапсырмаларын орындата отырып, Ақерке Сәтімбекқызы тілдік дағдыларын дамытуға ерекше мән берді. Оқу процесіне цифрлық құралдар мен қосымшаларды енгізіліп, білім алушылар белсенді жұмыс жасады. «Емле.кз» сайты арқылы қатемен жұмыс жасай отырып,оқушылардың  сауатты жаза білуі ескерілді. Сонымен бірге сабақта оқушылардың бірі -бірін бағалауы және бонус алу арқылы қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылды.
Әлемнің 7 кереметінің біріне саяхаттап шыққан сабақты оқушылар Падлет тақтасынан  QR коды арқылы білімдерін пысықтады. Сабақ оқушыларға  үлкен әсер қалдырды.