«Алаштың ардақтысы - Спандияр Көбейұлы» атты библиомикс танымдық бейне баян

Дата: 2023-10-13 14:47:54
«Алаштың ардақтысы - Спандияр Көбейұлы» атты библиомикс танымдық бейне баян
Спандияр Көбейұлы - Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазының жолын үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы насихаттаған. 
Спандияр Көбейұлы 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты №3 ауылында дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей - мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағына көп көңіл бөлген. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қалыптасуына да әсер еткен.
Спандияр Көбейұлы тек оқу-ағарту майданында ғана емес, сонымен қатар қазақ әдебиетінің тарихында да елеулі орын алады. Оның ағартушылық, педагогтік және жазушылық қызметі өзі өмір сүрген заманның талабынан туды, халықтың рухани тілегіне жауап берді. Биыл Спандияр Көбейұлының дүниеге келгеніне 145 жыл толып отыр. Соған орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылар назарына «Алаштың ардақтысы - Спандияр Көбейұлы» атты библиомикс танымдық бейне баян ұсынылды.