"Жыл мұғалімі - 2023" мектепшілік кезеңі өтті.
Абай атындағы №2 мектеп -лицейінде әдістемелік жоспарға сай "Жыл мұғалімі- 23" байқауы өткізілді. Байқау мақсаты: мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, насихаттау және педагогикалық тәжірибені тарату. Мұғалімдердің кәсіби байқауы 4 кезеңнен тұрды. "Педагогтың визиттті карточкасы "Падагогикалық жағдаяттар" "Ашық микрофон" және "Өзіндік білім көтеру тақырыбым". Педагогтар байқауына А.З. деншынықтыру пәні мұғалімі, А.С.Балтабай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Л.К. Байжуманова информатика пәні мұғалімі, А.М.Қайырқұл бастауыш сынып мұғалімі, Н.Ж.Даниярова мектепалды даярлық тобы мұғалімі. Мұғалімдер байқау барысында маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді әдістерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынды. Әділ -қазылар алқасының шешімі бойынша, кәсіби эрудициясымен, креативті дарындылығымен, идеяларының мазмұндығымен ерекшеленген Балтабай Ақерке Сәтімбекқызы жүлделі І орынды жеңіп алды. ІІ орын Байжуманова Л.К ІІІ орынды Қайырқұл А.М иеленді. Сонымен бірге "Кәсіби іздемпаз" номинациясымен Ахмет З.А "Психология білгірі" номинациясымен Даниярова Н.Ж марапатталды. Іс-шараға мектеп -лицейдің директорының м/а Ж.А. Шармуханбетова, ДОІЖО Ш.Т. Жаксыгелдина және Рахимова Ж.Т. ДБІЖО қатысты.