Дәрігер маманының бір күні"тақырыбында зияткерлік сайыс сабағы өтті.

Дата: 2023-10-01 23:13:36
Дәрігер маманының бір күні

29.09 күні облыстық "Медицинаға қадам" жобасы бойынша ашылған медициналық сынып оқушыларымен "Дәрігер маманының бір күні"тақырыбында зияткерлік сайыс сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар "Бір қадам кері" әдісі арқылы өткен оқу жылындағы медицина саласы бойынша алған білімдерін  түрлі сайыстар арқылы түйіндеді. Дәрігер мамандығы туралы алған қызықты ақпараттарын презентация арқылы таныстырды. Іс шараны жоба жетекшісі Н.А.Коккозова ұйымдастырып, өткізді.