Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың кербұғысы» атты кездесу

Дата: 2023-09-29 18:08:24
Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың кербұғысы» атты кездесу
28 қыркүйек қазақ қаламгерлері Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкейдің туған күні. Бұл 3 арыстың артында ұлтымыздың ырысы, халқымыздың құтты қазынасы деуге лайық мол мұрасы, асыл сөздері қалды.
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай  ауылында дүниеге келген.
Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойына орай 28 қыркүйек күні мектеп-лицейімізде «Алтайдың кербұғысы» атты кездесу өткізілді. Кездесуге «Кітап патшалығы» ғылыми - танымдық, әдістемелік журналының бас редакторы, жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы online қосылып, орны бөлек, заңғар жазушы жайлы жайлы сөз қозғап, біз білмейтін қырларынан сыр шертті. 8 Б сынып оқушылары сүбелі сұхбаттан өздеріне ғибрат алды деген үміттеміз. 
Оралхан Бөкей Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары. Оралхан Бөкей - қамшының қысқа сабындай ғана ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерген жазушы.