«Төрт тоқсан – төрт өнер»

Дата: 2023-09-27 18:32:12
«Төрт тоқсан – төрт өнер»
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-і «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Мәңгілік ел және ұлы дала құндылықтары» атты дөңгелек үстелді тарих пәні мұғалімі Е.Т. Карибжанов 11 «А» сыныбында жүргізді. Өткізілген дөңгелек үстел барысында оқушылар ұлттық құндылықтардың ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқанын, адамгершілік қағидаттары туралы ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы - тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы жайлы сөз қозғап,өз ойларын ортаға салды.