Размер шрифта:

«Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында кітап көрмесі

Дата: 2023-09-08 18:26:38
«Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында кітап көрмесі
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-де 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай жоспарланған іс-шаралар аясында мектеп-лицейіміздің фойесінде «Оқуға құштар ұрпақ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі арқылы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын дәріптеу,  «Тіл - ел тірегі» екенін бойларына сіңіртіп, тілді білу әлемді тану үлгісінің негізі екенін білім алушыларға жеткізу мақсатында жүзеге асырылды.