Әдістемелік кеңес

Дата: 2023-09-01 17:23:58
 Әдістемелік кеңес
      29.08 күні Абай атындағы №2 мектеп лицейінде  жаңа оқу жылының алғашқы әдістемелік кеңесі ұйымдастырылды.
Әдістемелік кеңесте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т Жаксыгелдина өткен 2022-2023 оқу жылындағы ғылыми әдістемелік жұмыстарға сараптама жасап,SWOT таллауын ұсынды.
Жаңа оқу жылына ҒӘК жоспарымен таныстырды.
Келесі бөлімі 2023-2024 оқу жылындағы оқу тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы әдістемелік нұсқаулық хатты талдауға арналды.
Әр пән мұғалімдері пәндерді оқытудағы ерекшеліктер мен басты назарда ұсталатын бағыттарды саралап,презентация арқылы таныстырды.
Қазақстан тарихы пәні бойынша Карибжанов Е.Т, ағылшын тілі пәнінен Камит С.М., орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Умбетова Т.Е, математика пәні бойынша Иманбекова Б.Б., информатика пәнінен Аманжол Қ.А. талдау жасап өтті.
Әдістемелік кеңесте жаңа оқу жылында жұмыс жасайтын шығармашылық топтар  құрамы бекітілді.
Мұғалімдердің іс әрекетті зерттеуі,мәселелерді анықтауы тақырыбында Ж.Т.Рахимова ақпар беріп өтті.