Жас құтқарушы

Дата: 2023-06-07 22:31:04
Жас құтқарушы

2023 жылдың 7 маусымында«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде әр топта «Тоғызқұмалақ» үйірмесі өткізілді. Ойын барысында тәрбиеленушілердің логикалық ойлау қабілеттерін арттыратын жаттығулар өткізіліп, әр топтың белсенділігі айқын байқалды. Үйірме жұмысының мақсаты:лагерь тәрбиеленушілерін тоғызқұмалақ ойынына баулу, әдіс-тәсілдерімен таныстыру, шеберліктерін шыңдау.

Сонымен қатар, топ тәрбиеленушілері қаламыздың құтқарушылар бекетіне саяхат жасады. Топсеруеннің мақсаты: лагерь тәрбиеленушілерінің  арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеп, төтенше жағдайлардың туындауы мен қаупі төнген кезінде жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселесіне саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және «құтқарушы» мамандығын насихаттау болып табылады.