«Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі»

Дата: 2023-06-05 16:31:09
«Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі»

2023  жылдың 5 маусым күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейі жанындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің 1 ауысымының «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты ашылу салтанаты өтті.Бірінші бөлімінде лагерь тәрбиеленушілері мен лагерь тәлімгері ант қабылдау рәсімін өткізді. Екінші бөлім концерттік бағдарламамен жалғасып, мектеп-лицей директоры құттықтау сөзін сөйлеп, тәрбиеленушілерге жылы лебізін білдірді. 4 топтан құрылған тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Концерттік бағдарламаның соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылып, жауабын тапқан балаларға тәтті сыйлықтар берілді. Лагерь тәрбиеленушілері көтеріңкі көңіл-күймен барлық ойындарға қатысты, мереке соңында барлық балаларға балмұздақ таратылды