Сыңғырла, соңғы қоңырау
2023 жылдың 1 маусым күні «Абай атындағы №2 мектеп- лицейі» КММ- де 11- сынып оқушыларының мектеп бітіруіне орай «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға Балқаш қаласының әкімі Сатаев Сапар Кайыркенұлы, қалалық білім бөлімінің басшысы Дубирбекова Карлыгаш Шакаримовна қатысты. Жиында қала әкімі мектеп түлектеріне өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге ақ жол тіледі. Жиын барысында ұлы тұлғамыз Абай атамыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтары қойылды. Оқушылар ұстаздарына алғыстарын айтып, «Алтын белгіге» үміткер оқушыларымыз үздік оқитын оқушыларға «Білім кілтін» табыстады. Соңғы қоңырауды «Алтын белгіге» үміткер Малыбаева Анель мен Тілеубай Аслан соғып, оқушылар қимастықпен «Қош бол енді, мектебім!» әнін шырқады.