Өзекті өртер шындық...

Дата: 2023-05-31 17:03:16
Өзекті өртер шындық...

Балқаш қаласы "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-де 30 мамыр күні  10А, Ә сынып оқушыларымен  «Өзекті өртер шындық...» атты 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-танымдық конференция өтті.

Мақсаты - өлкеміздің тарихындағы қасіретті кезеңдегі солақай саясаттың құрбандары мен тарихи орындар  туралы мағлұмат беру, ашаршылық және саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу, рухына тағзым етуге тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Конференция «Оқуға құштар» жобасымен  ұштастырыла өткізілді.  Авторы К.Сардарбектің  «58-статья» кітабы аясында оқушылар  бөлімдер бойынша презентация қорғады. Сонымен қатар оқушылар  авторы Жанболат Башардың  «Қабір үстіндегі зұлмат» кітабының әр бөліміне негізделген бейнематериал жасады. Осы кітаптар туралы оқушылар өз ой - пікірлерін ашық жеткізіп, тарихи-танымдық құндылықтарына ой жүгіртті.