31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
Ұлт болашағын тәрбиелеуде қаралы күннің маңызын ұғындыру мақсатында "Абай атындағы №2 мектеп-лицейі" КММ-де 29 мамыр күні «31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай мектеп-лицей директоры Рахимберлина К.Т бастамасымен және тарих пәні мұғалімдері Е.Т.Карибжанов, А.Б. Касенова, география пәні мұғалімі Тускеева А.М, қаламыздың өлкетанушысы Қожақов Д.А. және 10А Ә сынып оқушыларымен Шашубай кентіне барар жолда орналасқан 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске алуға қойылған. Белгіге экскурсия ұйымдастырылды. 10 А сынып оқушысы Маратова Айзада Белгінің шығу тарихы бойынша таныстырылым жасап, ашаршылық жылдарындағы қаламыздағы оқиғалар туралы тың деректер айтылып, оқушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Келесі бағыт саяси қуғын-сүргін жылдарындағы жерленген жапон тұтқындарына арнайы қойылған ескерткішке барумен жалғасын тапты. Өлкетанушы Д.А.Қожақов әскери тұтқындардың жерленген орындары туралы оқушыларға маңызды мағлұматтар айтып, қазақ халқы көптеген нәубеттерді басынан өткізгендігін, қаншама соғыстар мен ашаршылықтан қынадай қырылып қалғандығын тілге тиек етті.