Дарынды бала – ел болашағы

Дата: 2023-05-30 00:45:10
Дарынды бала – ел болашағы
29.05.2023 ж. күні «Дарынды бала – ел болашағы» атты мектепішілік табысты оқушылардың форумы өтті.
Форум 2022-2023 оқу жылын үздік оқыған оқушылардың шеруімен басталды.
Мектеп-лицейдің директоры, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Рахимберлина Қ.Т. форумға қатысушыларға өз құттықтауын арнады.
Директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. биылғы оқу жылындағы дарынды оқушылардың жылдық есебін сараптай отырып, ең үздік жетістіктері бойынша ақпарат берді. Соңынан мектеп-лицей директоры Рахимберлина Қ.Т. Қарағанды қаласында өткен 10 сынып оқушылары арасында облыстық Дарабоз зияткерлік ойынында жүлделі ІІ орынға ие болған 10А сынып оқушысы Асанова Мадинаға және Балқаш қалалық мешіттің ұйымдастыруымен өткен Абай Құнанбайұлының 45 Қара сөзін жатқа айтудан өткен байқаудың І орын иегері, 100000 теңге сыйақы иегері 10А сынып оқушысы Ақылбекова Зульфияға марапаттары ұсынылды. Форумда барлық сыныптан оқушыларға әр түрлі бағыттағы жұмыстар бойынша жеткен жетістіктеріне қарай номинациялар тағайындалды. Мектеп бойынша 33 оқушы «Жыл оқушысы», 21 оқушы «Олимпиада жұлдызы– 2023», 12 оқушы «Жас ғалым – 2023», 10 оқушы «Абай мұрасын насихаттаушы – 2023», 13 оқушы «Үздік мәнерлеп оқу шебері– 2023», 4 оқушы «Үздік өлкетанушы – 2023», 22 оқушы «Жыл спортшысы – 2023», 12 оқушы «Жыл әншісі – 2023», 19 оқушы «Жыл бишісі – 2023», 14 оқушы «Жыл суретшісі – 2023», 7 оқушы «Үздік спикер – 2023» номинацияларымен марапатталды. Номинацияларды мектебіміздің жеңімпаз оқушыларын сапалы дайындаған ұстаздарымыз ұсынды. Сонымен бірге мектеп-лицей директоры мектептің биылғы оқу жылындағы «Олимпиада жұлдызы– 2023», «Жас ғалым – 2023», «Абай мұрасын насихаттаушы – 2023», «Үздік мәнерлеп оқушы – 2023», «Жыл спортшы – 2023», «Жыл әншісі – 2023», «Жыл бишісі – 2023», «Үздік қолөнерші – 2023», «Жыл суретшісі – 2023», «Үздік спикер – 2023», «Үздік көшбасшы – 2023, «Үздік өлкетанушы – 2023», «Үздік жүргізуші – 2023», «Үздік тілші – 2023», «Үздік мобилограф – 2023», «Үздік фракция көшбасшысы – 2023», «Үздік әртіс-2023», «Үздік әртіс-2023», «Үздік ерікті – 2023», «Үздік қамқоршы -2023», «Үздік қуыршақтар қойылымының әртісі – 2023», «Үздік домбырашы - 2023», «Үздік ұйымдастырушы - 2023», «Үздік белсенді - 2023», «Үздік патриот - 2023», «Үздік эколог - 2023», «Үздік программист - 2023», «Үздік тілші - 2023», «Үздік жүргізуші - 2023» , «Үздік сынып – 2023» , «Үздік оқырман сынып – 2023» номинация иегерлерін марапаттады.
Биылғы оқу жылының «Жыл оқушысы -2023» номинация иегері «Алтын белгіге» үміткер, Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде бірдей 3 пәннің жеңімпазы, республикалық кезең қатысушысы, пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың және әр түрлі зияткерлік ойындардың бірнеше дүркін жеңімпазы, «Алтын белгіге» үміткер 11 А сынып оқушысы Малыбаева Әнел «Жыл оқушысы» кубогының иегері атанды.