Болашаққа жолдама

Дата: 2023-05-30 00:06:15
Болашаққа жолдама
Қарағанды облысы білім басқармасының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 29.05 күні "Болашаққа жолдама" атты облыстық форумы онлайн режимінде өтті.
"Үздік кәсіби бағдар беруші" байқауының финалдық кезеңінің қатысушылары секциялық бөлімінде "Абай атындағы №2 мектеп - лицейі" КММ - нің кәсіби бағдар үйлестірушісі Балтабай А.С. қатысып "Мамандық Life" кәсіби бағдар беру жобасын қорғады. Мектеп-лицейдегі кәсіби бағдар берудегі жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасап өтті. 2022-2023 оқу жылында облыстық "Медицинаға қадам" жобасы негізінде құрылған медициналық сынып жұмысы жайлы ерекше атап өтті.
Секциялық жұмысқа 8 жоба тыңдалды, нәтижесінде "Үздік кәсіби бағдар беруші" байқауының ІІІ орын жүлдесі мен Балтабай А.С. марапатталды.
Форум жұмысының келесі бөлімі "Жаңа мамандықтар атласы" байқауының финалдық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.