Размер шрифта:

Үздік жас маман-2023

Дата: 2023-05-24 17:38:46
Үздік жас маман-2023

Жас мамандардардың алғашқы еңбек жылындағы  педагогикалық шеберліктерін, кәсіби құзыреттіліктерінің қаншалықты өсу деңгейін сараптау мақсатында "Абай атындағы №2 мектеп лицейі" КММ де "Үздік жас маман-2023" байқауы өтті. Байқау 5 кезеңнен тұрды.  І кезең "Мен ұстазбын"  таныстыру; ІІ кезең  "Педагогикалық лабиринт" педагогикалық жаһдаяттар шешу;  ІІІ кезең  "Қиыннан қиыстырып..." риторикалық өнерлері; ІҮ кезең  "Жеті ғылымның кереметі" блиц сұрақтар; Ү кезең  "Өнерлінің өрісі кең"  өнер сайысы. Бұдан басқа "Өзіндік даму портфолиосы" және пән бірлестіктерінің жас маманға арнап шығарған қабырға газеттері қойылды. Қызықты да тартысты сайыста жас маманадар өздерінің жыл бойы жинаған, үйренген білім,өнерлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Әділ қазылар алқасының шешімімен "Үздік жас маман -2023" байқауының бас жүлдесін ағылшын тілі пәні мұғалімі Данагулова А.М. жеңіп алды. І дәрежелі дипломы математика пәні мұғалімі Қордабай Е.С. ІІ  дәрежелі дипломы информатика пәні мұғалімі Оразалы К.М және ІІІ дәрежелі дипломымен тәлімгер Махабаева М.К марапатталды. Іс шараға директордың ОІЖО Ш.Т. Жаксыгелдина қатысып жас мамандар жұмысына қорытынды баға берді. Іс шара соңы әсем әнге ұласты.