Сатылай кешенді оқыту

Дата: 2023-05-24 10:04:12
Сатылай кешенді оқыту
2023 жылдың 23 мамыры күні оқушылардың білім-білік құзіреттіліктерін дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балтабай А.С ұйымдастыруымен "Сатылай кешенді оқыту" технологиясы - қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология" атты әдістемелік отырыс өтті. Әдістемелік отырыста Астана қаласында өткен семинарда көрсетілген сабақтар, кешенді талдау туралы ақпарат беріліп,  технологияны  математика, ағылшын, орыс тілі, тарих және т.б  пәндерге  қолдануға болатындығын атап өтіп, материалдарды үлестіріп берді. Оқушылар С. Торайғыровтың  "Шығамын тірі болсам, адам болып"  өлеңіне диалогті сатылай  кешенді талдау жасады. 
"Сатылай кешенді оқыту" - қазақ тілін оқытудан бастау алған төл технология. Төл технология болу себебі: технологияның теориялық негіздері Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев т.б. алаш зиялыларының идеяларымен үндеседі және ағартушылық негізі -Ыбырай, Абай сынды тұлғалардан бастау алады, сонымен қатар, ұрпақтың тілін дамытуға,  ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге үйрету үшін ауыз әдебиеті бай мұрасынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын, мәтін, тіл дамыту, тіл ұстарту материалдары етіп алуды мақсат етеді.