Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім - Бөрілі
Дата: 2023-05-18 11:15:16
"Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы аясында 5-сыныптар Семейдегі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық музей-қорығына" виртуалды саяхат жасады. Саяхат барысында оқушылар ақынның бала шақтан - болашаққа бет бұрған кезеңіндегі барлық оқиғаларға арналған арнайы бөлмелерімен танысып, Абай атамыздың ақын ұлдарымен түскен портреттерін көрді, сонымен қатар "Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім - Бөрілі" деп өскен өлкесін сипаттаған заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің ауылындағы мұражай -үйімен танысты.