Бұзушылықтар анықталған жағдайда қайда шағымдануға болады?

Дата: 2023-05-16 22:32:03
Бұзушылықтар анықталған жағдайда қайда шағымдануға болады?
 
111 нөміріне қоңырау шалу арқылы бірыңғай call-орталыққа жүгіне аласыз. Ол Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасымен ашылып, балаларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді. Желілік мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу, оларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қиянат жасау фактілері туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне де келіп түседі. ҚР БҒМ ӨСОА мамандарына 8 (7172) 74-25-28 сенім телефоны немесе Telegram мессенджерінің «BALA QORǴAÝ» чаты арқылы хабарласуға болады. 
 
Сонымен қоса, балаңызды қауіпті деп саналатын орындарға: қала сыртындағы кафелерге, ресторандарға, жол бойына жұмысқа жібермегеніңіз жөн.