Размер шрифта:

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

Дата: 2023-05-12 09:56:53
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

2023 жылдың 10 наурыз күні ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес  «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бала денсаулығына, көңіл-күйіне көңіл бөлу, мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің мамандары өз жұмыстарымен, әр түрлі әдістемелермен ата-аналарды таныстырып шықты.