Жас Қыран
2023 жылдың 3 мамыр күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейі КММ-де Отан қорғаушылар күніне орай «Жас Қыран» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына қабылдау мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық , білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Сап жиынында 31үздік және озат оқитын, қоғамдық жұмысқа белсене қатысатын білім алушылары «Жас Қыран» ұйымына қабылданды. «Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларға галустук пен төсбелгіні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздар және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері тақты. Қабылданушылар патриот болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді.