Ұлан

Дата: 2023-05-10 12:12:09
Ұлан

2023 жылдың 4 мамырында Ұлы Отан соғысына 78 жыл толуына орай мектеп-лицейіміздің 9-10 сынып оқушылары арасында "Ұлан" әскери-спорттық сайысы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери, еңбек дәстүрлерін жалғастыру, жарысқа қатысушылардың спорттық шеберлігін көтеру. Ұйымдастырушы: алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Р.Н. Мұхтар.