Табыс формуласы

Дата: 2023-05-05 00:01:22
Табыс формуласы

Облыстық "Табыс формуласы" жобасы аясында жетекші мектеп "Абай атындағы №2 мектеп - лицейінде" серіктес мектеп термен "Білім берудегі инновациялық технологиялар: "Тәжірибе, Ізденіс және даму мүмкіндіктері" тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс - шара жоспарының I ші кезеңі бойынша
6 "А" сыныбында математика пәнінен Әлжан Б.Т. және 7 "В" сыныбында Пиримбетова Н.К ағылшын тілі пәнінен ашық сабақтар беріп, инновациялық технологиялардың оқытудағы белсенділіктерін өз тәжірибелерінен көрсетті.
II ші кезеңінде "Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау кезінде ақыл ой белсенділіктерін дамыту жолдары" тақырыбында Карибжанов Е.Т және Рахимова Ж.Т кәсіби шеберліктерімен коучинг өткізді.
"Дебат - еркін сөйлеу өнері" тақырыбында "Сана" дебат клубының жетекшісі Қосман Г.О. өз тәжірибесін ортаға салды.
Үзіліс арасында лицей психологы Толетаева А.А. "Релаксация өнері" атты тренинг өткізіп, келген педагогтарға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Іс - шара жоспарының соңғы кезеңінде лицей координаторы Коккозова Н.А. "Mentumetr" электронды қосымшасы бойынша рефлексия жасады. Серіктес мектептерден келген педагогтар ашық есік күнінен алған әсерлерін , зор ықластарын білдірді.
Ашық есік іс - шарасын директордың ОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина іскерлік алаңында кіріспе сөзбен ашты.