Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылау
2023 жылдың 27 сәуір күні Абай атындағы №2 мектеп –лицейінің қамқоршылар кеңесі мен ата – аналар комитетінің мүшелерімен «Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылау» тақырыбында жиналыс өтті. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ж.Сейткалиева «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен таныстырды және осы бұйрыққа ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 жылғы № 534 бұйрығымен енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті. Жиналыс барысында ата-аналар комитеті мен қамқоршылар кеңесі мектеп формасына қойылатын талаптарды ескере отырып, өздерінің тараптарынан ұсыныстарын, ойларын білдіре отырып, бірлескен шешім шығарып, 2023-2024 оқу жылына арналған «Абай атындағы №2 мектеп –лицейі» КММ- сі оқушылары үшін мектеп формасына ұсыныстар енгізді.