Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры

Дата: 2023-05-03 11:40:03
Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры

Мектеп –лицейіміздегі «Сырлас» аналар мектебінің жетекшілері Б.Ж.Садыканова, С.Г.Кенжекановалардың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 сәуір күні 5-9-сыныптардың аналары үшін «Бала- көңілдің гүлі, көздің нұры» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты:  ата–аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін көрсету, балалармен ортақ тіл табысуға үйрету, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, бала тәрбиесінде ата-ана алдымен өздерін тәрбиелеу керек екенін бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу. Тренингке аналар белсене қатысып, топтарға бөлініп жағдаяттық тапсырмаларды орындады және бала тәрбиелеудегі өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.