1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Дата: 2023-05-02 08:34:23
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
24-сәуір күні "Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде" 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты ақпараттық стенд жасалды. Мақсаты - Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығынан хабардар ету. Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. 
Берілген ақпараттар арқылы біздің ел көпұлтты мемлекет және олар бір - бірімен тату, дос-бауырлардай екені, сонымен қатар еліміздің қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің арқасында екендігі насихатталды.