Размер шрифта:

№13 ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Дата: 2023-04-28 13:20:34

Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің  педагогтарын  бос лауазымға тағайындау бойынша конкурстық  комиссиясының қорытынды  отырысының

№13  ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Күні:28.04.2023 ж.

Қатысқандар:5 адам.

Ш.Т.Жаксыгелдина –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагогтарын лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясының төрағасы.

Комиссия мүшелері:

К.К.Айнабекова–қалалық білім бөлімі әдіскері;

Л.К.Байжуманова –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Н.К. Пиримбетова  –ағылшын тілі пәні мұғалімі;

А.А.Толеубекова –кәсіподақ төрағасы;

Ф.Е.Бозова  –хатшы.

Қатыспағандар-0.

 

Күн тәртібі:

  1. Педагогтарды лауазымға тағайындау конкурсына қатысушы  педагогтардың құжаттарын қарау туралы.

Сөйледі:

Ш.Т.Жаксыгелдина –директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2020 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 3 тарауының №1 параграфымен «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі» таныстырып өтті. Жалпы ереже бойынша ақпар берді.

  Конкурстық комиссияның отырысы аудио-бейне жазбамен сүйемелденуде.

Конкурстық комиссияның құрамы туралы бұйрықпен таныстырылып, комиссияның негізгі жұмыс тәртібін айқындады.

Конкурс төмендегі бос лауазымдар бойынша жүргізілді:

 

Лауазым атауы

Бос орын саны

мерзімі

1

Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы

1 ставка

Тұрақты жұмысқа

 

 

Конкурс өткізу туралы хабарлама білім беру ұйымның интернет-ресурстар  желісіне 2023 жылдың 14 сәуір күні жарияланды. 2023 жылдың 17-25сәуір аралығында құжаттарды қабылдау жүргізілді.

Кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, сондай-ақ педагогикалық әдептің бұзылуы туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне жібердік.

Оңды жауап алынды.

2023 жылдың 17-25 сәуір аралығында  хатшы құжаттарды қабылдауды  жүзеге асырды.

Бастауыш әскери және технологиялық дайындықтың (БӘжТД) оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымына бір үміткерден өтініш пен құжаттары түсті.

Енді конкурстық комиссия өтініш берген мұғалімнің құжаттарымен танысу жұмысын бастайды.

Алдарыңызға 1 папка ұсынылды. Конкурс ережесі талаптарына сәйкес  комиссия:

1) кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарайсыздар. 2) Одан кейін қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырасыздар.

Конкурстық комиссия конкурс қорытындылары бойынша шешімді жинаған балл негізінде қабылдайсыздар.

 

 

ШЕШІМ:

1. Мектеп басшысына вакансиялық лауазымға  үміткерді тағайындауға ұсынылсын.

 

 

Комиссия төрайымы Ш.Т.Жаксыгелдина:____________

 

Мүшелері:

 

Л.Қ.Байжуманова ____________

 

Н.К Пиримбетова  ______________

 

К.К.Айнабекова_____________

 

 А.А.Толеубекова ______________

 

ХатшыФ.Е.Бозова  _____________

 

 

Конкурстық құжаттармен және комиссия шешімімен таныстым:

 

Үміткер          ________________