Медицинаға қадам

Дата: 2023-04-27 11:40:20
Медицинаға қадам

"Медицинаға қадам" жобасы аясында құрылған "Медициналық сынып" оқушылары Балқаш қалалық медициналық колледжіне "Дәрігер - мамандық асылы" тақырыбында танымдық саяхат жасап қайтты.  Медсынып оқушылары медициналық білім орталығында стомотология, терапия, педиатрия, акушерлік бөлімдермен танысып, қан кеткенде алғашқы көмек көрсетуді - арнайы пәндер оқытушысы Бекова Амина Асановна, жүрек-өкпе реанимациясы туралы арнайы пәндер оқытушысы Беглиев Сұлтанбек Тұрапұлы, АҚ қысымын өлшеу, науқасқа күтім көрсету жөнінде арнайы пәндер оқытушысы Смагулова Асель Бақытовна медсынып оқушыларымен бірлесе отырып, алғашқы көмек көрсетуді үйретті. Арнайы пәндердің 1 санатты оқытушысы, профориентатор Әжімаханова Еркеайым Мейрамханқызы әр саланы таныстыра отырып, колледждің басты оқыту ерекшеліктеріне тоқталып, бағыт берді. Сонымен қатар оқушылар, 70 жылдық тарихы бар медициналық колледждің мұражайына да соғып, дәрігерлік мамандықтың ерекшелігі, мұражайдағы құнды ақпараттар арқылы кәсіби бағдар беру аясы кеңейе түсті.