Онлайн кездесу

Дата: 2023-04-24 13:41:07
     Онлайн кездесу

      2022 жылдың 24-қараша күні кәсіби бағдар беру кеңесшісі Балтабай А.С ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университетінің Металлургия кафедрасының аға оқытушысы, профориентолог Айтбаев Нұрлан Берікұлымен «ZOOM» платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында мамандық таңдаудың маңызы, ҰБТ-2023 жаңашылдықтары, жауап нұсқалары санының өзгеруі, грантқа түсу үшін конкурс қалай жүргізілетіндігі және өзгеріссіз қалатын мәселелер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстандағы ТОП 10- мамандықтар мен квоталар, гранттардың түрлеріне тоқталып өтті. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, профориентолог мамандықтың ерекшеліктері мен оқуға түсу барысында университетті зерттеу, психологиялық сауалнама туралы тың мәліметтер білді.