Сөз өнері
Дата: 2023-04-23 19:34:49
'Ертеңгі боашақ- бүгінгі білімді ұрпақ" атты бастауыш сынып апталығында.
Сәуір айының 21 күні С.Г Кенжеканова және М.Қ. Қазыбаеваның ұйымдастыруымен «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып апталығы аясында «Сөз өнері» ой мен ойын сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа бастауыштың 3 және 4 сыныптан 6 ата-аналар қатысып бақ сынасты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
1.»Мен және менің отбасым» жарнама газетпен таныстыру. 2. «Мақал –сөздің мәйегі» сайысы 3. «Жүйрік болсаң шауып көр» 4. «Тапқыр болсаң тауып бер» Сайыстың әр кезеңінің өз мақсаты бар.Бірінші кезеңде ата-аналар дайындап әкелген жарнама газеттерін таныстырып өзі және отбасы мүшелері олардың айналысатын іс-әрекеттері туралы таныстыру жасады. Газеттің безендірілуі мен қорғау тәсілдері бағаланды.
Екінші кезеңде отбасы туралы мақал-мәтелдердің жоғалған бөлігін тауып, толық нұсқада ұсыну тапсырылды. Бұл жұмысты ата-аналар үлкен белсенділікпен орындап шықты.
Үшінші кезеңнің шарты талап еткендей берілген сөздерден «ауыспалы мағыналы «тіркес құрап, оның мағыналық деңгейін түсіндіру болды. Осы сайыста ұлттық тіліміздің қыр-сырын терең зерделей білетін аналар білімдерімен суырылып алға шыға бастады.Кейбір тіркестерді екі мағынада қолданылатын нұсқасына да мысалдармен дәлелдеп берді.
Төртінші кезеңде оқу үрдісінде қолданылатын зерттеу жұмыстарына қажетті құралдар ұсына келе құбылысты және заттың физикалық құбылыстарын табу тапсырылған болдатын. Бұл сайыс нағыз шеберлік пен әмбебаптықтың үлгісі болып шықты. Ата-аналар тарапынан қызығушылық танытты.
Сайыс барысында ата-аналардың жоғарғы интеллекті мен психологиялық аурасы көтеріңкі күйде болды. Бір-біріне деген қарсыластық емес ынтымақтастық қарым – қатынас орын алда. Сайыс соңында мектебімізге, ұстаздарымызға, әділқазылар алқасына алғыс білдірді. Бірінші, екінші, үшінші орындармен және номинациялармен марапаттап, қатысушыларға да өз жылы лебізімізді білдірдік. Әділ шешім жасаған сарапшы топтың шешіміне ризшылықтарын да атап өтті.
Сайс қорытындысы: 1 орын Жетпісова Айдана Ерғали қызы (170ұ), 2 орын - Әуезханова Айгерим Құралханқыз (160ұ), 3 орын -Битанова Динара Шаймұратовна (150ұ) иеленді. Қалған ата аналар ұпай саны бірдей болғандықтан «Ойшыл ата-ана», «Шебер ата-ана», «Жаңашыл ата-ана» номинацияларына ие болды.