Танымдық ойын
Дата: 2023-04-19 20:29:55
4А, 4Ә сынып арасында танымдық ойын өтті. Оқушылар 6 топқа бөлініп, сынып жетекшілер Дәуренбекова А.А, Абдыкарина М.Ж. және аға тәлімгер Махабаева Мадинаның басшылығымен 5 аялдамадан тұратын бекеттерге саяхат жасады. 1 бекет: Викториналық танымдық сұрақтарға жауап беру. 2 бекет: Жол ережесі туралы жұмбақтар шешу, өлең жолдарын аяқтау. 3 бекет: Ребус, сөзжұмбақ, криптограмма шешу. 4 бекет: Шартты жол белгілерін атап, көрсет. 5 бекет: Жарақаттың алдын алу. Әр бекетте мектептін Жас жол инспекторлары оқушыларының қойған сұрақтар мен тапсырмаларға оқушылар белсене қатысып, орындап отырды. Ойын нәтижесінде 5 топ- 1орын, 2 топ – 2 орын, 4 топ – 3орын иеленіп, жас инспектор атанды.