Размер шрифта:

Сын есім

Дата: 2023-04-17 16:52:52
Сын есім
17-сәуір күні 2 б сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: бастауыш сынып мұғалімі Жүнісбек Әйгерім Дәуренбекқызы.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту, берілген сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыру. Сабақ барысында “Артық сөзді тап”, “Қатені тап, түзеп жаз”, “Тауып көр” ойындары ойнатылды, жұптық жұмыс түрлері қолданылды. Сабақтың барлық кезеңдерінде АКТ-ны тиімді қолдана отырып пайдаланып сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар сабаққа аса қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Сабақ соңында “Алма ағашы” арқылы кері байланыс берілді.
Ашық сабаққа тәжірибелі мұғалімдері бастауыш сынып Абдыкарина М.Ж. Битанова К.Ш директордың ОІЖО Ш.Т.Жаксыгелдина қатысып кері байланыс берді.