Жаңа форматтағы- замануи сабақ

Дата: 2023-04-14 10:10:36
Жаңа форматтағы- замануи сабақ
Мұғалімдердің кәсіби шыңдалуын көтеру мақсатында жүріп жатқан "Жаңа форматтағы- замануи сабақ" апталығы жоспары бойынша 7 Б сыныбында Кабанова А.К ағылшын тілі пәнінен "Food for sport" тақырыбында тәжірибе алмасу ашық сабағын берді. Сабақта сөйлеу қызметінің барлық: тыңдалым, айтылым, оқылым,
жазылым және тілді пайдалану сынды дағдылары қамтылды. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі жоғары болды. Оқытудың белсенді әдіс тәсілдері "Серпілмелі доп" "Айналмалы шеңбер " қолданылды. Жаңа технологиялық сабақ "Жетістік фортунасы" рефлексиясымен аяқталды.
Сабаққа жас мамандар, мектеп лицей директоры К.Т. Рахимберлина және әкімішілік құрамы қатысып, кері байланыс берді.